Былтыр 653 мың шетелдік турист келген
Қазақстанға іскерлік мақсатта 150 мыңға жуық шетелдік қонақ келген. «eQonaq» жүйесінің деректеріне сәйкес, қонақ үйлерге тоқтаған шетелдік туристердің басым бөлігі -70,5%-ы ер адамдар, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы Қазақстанда орналастыру орындарын жиі таңдайтын шетелдік туристерді жас ерекшеліктері бойынша саралады. 2024 жылғы мәліметтерге сүйенсек, елімізге келген ең белсенді саяхатшылардың жасы – 35-39 аралығында. Екінші орында 30-34 жас аралығындағы келушілер, ал үшінші орынды 40-44 жастағы шетелдік туристер иеленген.
Өткен жылы шетелдік қонақтардың негізгі бөлігін 30-44 жас аралығындағы туристер құрады - 653 мыңнан астам адам. 25-29 жас аралығындағы жас саяхатшылар келесі позицияны иеленді (шамамен 174 мың адам), ал 45-49 жас аралығындағы шетелдік келушілер 156 мыңнан асады.