Астанада ақыры бір адамға 5 келіден артық картоп сатылатын болды

Автор: Бақыт Шынар

Күні кеше ғана әкімдік осындай шектеу барын жариялаған еді

Фото: Azattyq ruhy

Астанада адам басына бес келіден артық картоп сатылмайды деген шектеу жойылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бір қызығы, инвестиция және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы бұл шектеуді дүкендердің өзі енгізген деп отыр. Дегенмен, күні кеше басқарма басқа ақпарат таратқан. 

«Small» және «Spar» дүкендері бір адамға 5 келіден артық картоп сатылмайды деген 22 қаңтардағы шектеуін жойды», - деп хабарлады басқарма.

Дереккөзге сүйенсек, қазір бұл дүкендерде картоп 280 теңгеден сатылып жатыр.