Үкімет Қазақстандағы жекеменшік мектептерге не үшін 12 млрд теңге бөлмек

Автор: Бақыт Шынар

Бұл ақшаға бастауыш сынып оқушылары тегін тамақ ішу керек

Фото: istockphoto.com

2024 жылдың 30 желтоқсаны күні президент Қасым-Жомарт Тоқаев Білім және бала құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі заңға қол қойған болатын. Осы заңға сай, үкімет жекеменшік мектептердің бастауыш сыныптарында оқитын әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың балаларын тегін тамақтандыру керек. Бүгін белгілі болғандай, мемлекет бұл мақсатқа 12 млрд теңге бөліп отыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Мемлекет жекеменшік мектептердің бастауыш сынып оқушыларын тегін тамақтандыруды қамтамасыз ету үшін 12 миллиардтан астам теңге бөлді. Жекеменшік мектептерде оқитын аз қамтылған отбасылардың балаларына әлеуметтік көмек көрсету биылдан жылдан басталады. Негізгі жаңалықтардың бірі - жекеменшік мектептердің 1-4 сынып оқушыларын тегін ыстық тамақтандыру», - деп хабарлады оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.

Дереккөзге сүйенсек, осы қаражатқа жекеменшік мектептерде оқып жүрген 25 мың бала тегін тамақ ішу керек.