Ұлықбек Тұмашинов мырыш пен қорғасын өндіруге салынатын салық ставкаларын 6,5%-ға дейін төмендетуді сұрады
Риддер мен Алтай қаласындағы кен орындары жабылу алдында тұр. «Тишинский» мен «Малеев» кеніші жұмысын тоқтатса, 4 мыңнан астам қызметкер нәпақасынан айырылуы мүмкін. Бұл мәселені Мәжіліс отырысында депутат, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Ұлықбек Тұмашинов көтерді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ұлықбек Тұмашинов қаңтар айында Риддер мен Алтай қаласының белсенділерімен жолығып, «Қазмырыш» ЖШС филиалында туындаған проблемалармен танысқан.
«Кеніштердегі өндіріс тоқтау сатысында тұр, бұл өз кезегінде жұмыс орындарының қысқаруына әкеп соғады. Оған себеп болған жағдайдың бірі - қорғасын мен мырышқа пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық ставкаларының ұлғаюы. Осылайша қорғасын мен мырыштың тартымдылығы мен тиімділігі басқа металдарды барлау және өндірумен салыстырғанда төмендейді», - деді ол.
Депутаттың айтуынша, алтын өндіруге салынатын салық мырыш пен қорғасын салығынан бір жарым есе көп.
«2022 жылдан бастап мырыш бағасы 14%-ға, қорғасын бағасы 11%-ға төмендеді. Мырыш бойынша қорларды толықтыру коэффициенті - 0,1; қорғасын бойынша - 0,2», - деп атап өтті ол.
Ұлықбек Тұмашиновтың айтуынша, осы себепті Қызылорда облысындағы «Шалқия» кен орнында мырыш өндірісі басталмай тұр.
«Риддер мен Алтай қалалары Арқалықтың кебін киюі мүмкін. Арқалықта тау-кен өндірісі шегіне жетіп, қаланың негізі болған кәсіпорындар жабылып, жұмыс орындары құрылмай, жақсы кадрлар кетіп қалды», - дейді ол.
Депутат моноқалалардың мәселесін шешудің бірнеше жолын ұсынды: