Конституциялық сот қолданыстағы қандай заң нормаларының күшін жойып жіберді

Автор: Аягөз Құрмаш

Ол нормалар адамдардың құқғына қайшы болған соң жойылған

Фото: Конституциялық сот

Azattyq Rýhy редакциясы Конституциялық сотқа адам құқықтарына қандай заң нормалары қайшы келгенін білу үшін ресми сауал жолдаған болатын.

Конституциялық Сот 2024 жылы конституциялық іс жүргізудің қорытындысы бойынша қолданыстағы заңнамалардың 5 нормасын Конституцияға сәйкес келмейді деп таныған.

Атап айтар болсақ, Қылмыстық кодекстің 72-бабы сегізінші бөлігінің 1-тармағы. Бұл норма үкімі өлім жазасынан өмір бойына бас бостандығынан айыруға өзгертетін сотталғандарға шартты түрде мерзімінен бұрын шығуға өтініш беру құқығын көздемеген.

 «Неке және отбасы туралы» кодекстің 91-бабы 2-тармағының 11-тармақшасы. Нормаға сәйкес тіркелген некеде тұрмаған еркек жынысты адамдар бала асырап ала алмаған.

Салық кодексі 616-бабының екінші бөлігімен өзара байланысты болу үшін осы Кодекстің 616-бабы бірінші бөлігі 13-тармақшасының ережесі «талапкерлер – » деген сөзді қолдану бөлігінде.

Норма бірдей әлеуметтік мәртебесі бар азаматтарды кассациялық шағым жасау сатысында процестік жағдайы бойынша бөлген.

Сондай-ақ, азаматтығына байланысты көлік иесін сақтандыруға шектеулер көздеген «Жол жүрісі туралы» заңның 65-бабының 1-тармағы жойылған. 

«Неке және отбасы туралы» кодекстің 37-бабы 6-тармағы. Норма неке бұзылған сәттен бастап ерлі зайыптылардың ортақ мүлкін бөлу туралы талап қою уақыты үш жылдан кейін ескіреді деген бап. 

Аталған нормалар Конституциялық сот шешім қабылдаған күннен бастап заңды күшін жойған.