Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны 284 адамға жетті
Соңғы бір тәулікте Алматы облысында коронавирус инфекциясының тағы 6 жағдайы тіркелді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Атап айтқанда, Талдықорған қаласы мен Ескелді және Талғар аудандарының әрқайсында 2 фактіден анықталды.
«Пациенттер 1950, 1989, 1989, 1995, 1996, 2020 жылы туған. Оның төртеуі – бұған дейін вирус жұқтырғандармен байланыста болғандар, қалған екеуінің сырқаты профилактикалық тексерілу барысында белгілі болды. Сырқаттардың барлығы оқшауланып, қазір инфекциялық бөлімге ауыстырылған. Эпидемиологиялық зерттеу жалғасуда», - деп жазылған хабарламада.
24 мамырдағы жағдай бойынша Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны 284-ке жетті.