Соңғы бес жылда 117 мыңнан астам адам Қазақстан азаматтығын қабылдаған

Автор: Аягөз Құрмаш

Елімізде қос азаматтықпен жүрген 4 мыңға жуық адам тіркелген 

Фото: freepik.com

Еліміздің азаматтағын алу және бас тарту статистикасын білу үшін  Azattyq Rýhy редакциясы ішкі істер министрлігіне сауал жолдаған болатын.

Сауалдағы мәлімет бойынша, соңғы 5 жылда 81699 адам Қазақстанның азаматтығын жоғалтқан екен.

«Қос азаматтық бойынша 3883 азамат әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 496-бабы бойынша жауапкершілікке тартылып, азаматтығын жоғалтқан», - деп хабарланған ресми жауапта.

Ал соңғы 5 жылда 117 571 азамат Қазақстан азаматтығын қабылдаған.