Ішкі істер министрлігі 2024 жылды қорытындылады
Қазақстанда былтыр қылмыс саны 12,5 мың фактіге азайған. Соның ішінде, кісі өлтіру, мар ұрлау, алаяқтық фактілері азайып отыр. Бұл туралы ішкі істер министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында белгілі болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Алқа отырысында сөз сөйлеген ішкі істер министрі Ержан Сәденов президент Қасым-Жомарт Тоқаев қылмыспен күрес, бандитизмнің алдын алу, қабылданған заңдардың орындалуын қамтамасыз ету, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл сынды бағыттар бойынша нақты тапсырма бергенін атап өткен.
Ал былтыр қабылданған кешенді шаралардың арқасында елімізде қылмыс саны 12,5 мыңға, ал жалпы қылмыстық құқық бұзушылықтар саны 8 мыңға азайған екен.
«Аса қауіпті қылмыстардың, оның ішінде кісі өлтіру, денсаулыққа ауыр зиян келтіру, ұрлық, мал ұрлығы, алаяқтық, қарақшылық және тонау қылмыстары төмендеген», - деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.