Қазақстан коронавирусқа 10 000 жуық зерттеу жүргізді – ДСМ

Автор: Azattyq Rýhy

Референс-зертхананың тәуліктік қуаты 300 үлгіні құрайды
 

Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығы базасында вирустық инфекцияларды бақылау жөніндегі референс-зертхана осы уақытқа дейін коронавирусқа шамамен 10 мың тест жүргізді, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі.

«Референс-зертхананың тәуліктік қуаты 300 үлгіні құрайды. Тәулігіне 3000 үлгіге дейін жеткізу көзделген. COVID-19 нәтижелерін нақты растау үшін зертханада анықталған тест жүйелері қолданылады. Сонымен қатар референс-зертхана — тұмау жөніндегі ұлттық орталық, сондай-ақ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен белсенді түрде жұмыс істейді. Референс-зертхананың міндеті — референсті, арбитраждық, верификациялық зерттеулер жүргізу және үлгілерді қайта тестілеу», - делінген хабарламада.

Республика зертханаларына референс-зертхананың қызметкерлері ұйымдастырушылық-әдістемелік және практикалық көмек көрсететінін айта кеткен жөн.