23.12.2024, 16:25
Қоғам
Жеті түрлі ас қана қойылады - Қызылорда облысы жаназада берілетін астың мәзірін бекіткен
Зират басына зәулім ескерткіш қоюға да болмайды, дейді облыс имамы
Фото: Әбдісамат Әбдіш facebook парақшасынан
Қызылордада ас беру мәдениеті мен жаназа, жерлеу рәсімдерін бір ізге түсіру үшін облыстық ардагерлер кеңесінің кеңейтілген алқа отырысында ас мәзірі бекітілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Сыр өңірінің бас имамы Дастан Құрманбаев «Жаназа мен жерлеу рәсімдерін бірізге түсіру және ысырапшылдыққа жол бермеу» тақырыбында насихат айтып, зират басына зәулім ескерткіш, сәнді қоршаулар салуға болмайтынын атап өткен.
«Құрмет» орденінің иегері, Жаңақорған ауданының құрметті азаматы Бақыт Нұртазаев үндеу мәтінін оқыды.
Үндеуде:
- марқұмды жерлеуде аста-төк дастархан жаймауға;
- Діни дәстүрде жоқ марқұмның қонақасын алыстан келген қонақтармен шектелуге;
- Жаназа намазы мен марқұмның жылдық асына дейінгі ас беруде ақша таратпауға және аталыққа шапан, ақша таратпауға;
- Жаназа намазын міндетті түрде мешіт имамдарының қатысуымен өткізуге;
- Зәулім зираттар мен қымбат құлыптастар тұрғызбауға;
- Руға бөлініп, бейітт тұрғызбауға;
- Қаза болғаннан бастап қырқы, жүзі, жылдық ас беру кезінде бекітілген ас мәзірін қатаң сақтауға үндеу жасалған.
Ал, жаназадағы ас мәзіріне ет немесе палау, нан өнімдері, қаймақ, жент, майсөк, шай, қант, кәмпит, құрма, су және шұбат кіреді.
Көп оқылған
13.10.2026, 10:37
Зорлап, видеоға түсірген: Түркістанда ер адам қарындасын 12 адаммен қатынасқа түсуге мәжбүрлеген (ВИДЕО)
13.10.2026, 16:34
«Көтере алмайтын қайғы»: Каспийдегі трагедиядан аман қалған сарбаздың анасы қаралы күн жайлы айтты (ВИДЕО)
13.10.2026, 10:49
Ақтөбеде ер адам аулада отырған әйелдің арқасына пышақ сұғып, өлтіріп кетті (ВИДЕО)
13.10.2026, 14:50
Түркістан облысында ауыл тұрғындары 14 сарбаздың рухына арнап ас беріп, Құран оқыды (ВИДЕО)
13.10.2026, 13:58
Әнші Роза Рымбаеваның марқұм күйеуінің естелік суреті жарияланды