Астана мен Алматыдан курортты аймақтарға тікелей ұшуға болады
Қазақстанның шығысында Катонқарағай және Зайсан әуежайларының құрылысы келесі жылы толығымен аяқталады. Бұл туралы көлік министрі Марат Қарабаев мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Министр Катонқарағайда әуежай Солдатово ауылында, ал Зайсанда Сәтпай елді мекенінде орналасатынын атап өтті.
«Біз ұшу-қону алаңын қалай жасаймыз деп көп ойландық. Тек қана Өскеменнен ұшатын өңірлік кішігірім ұшу-қону алаңы бола ма, әлде үлкен етіп жасаймыз ба деп. Толыққанды шешім былай болды: 1-1,5 мың шақырымға ұша алатын Qazaq Air-дың Bombardier Q400 ұшақтары бар ғой, солар ұша алатын үлкен ұшу-қону алаңын жасаймыз. Оның үзындығы 2 200 шақырым болады. Сонда Астанадан, Алматыдан тікелей Катонқарағайға, Зайсанға ұшу мүмкіндігі болады», - деді Қарабаев Мәжілісте өткен үкімет сағатында.
Айтуынша, биыл жобалық-сметалық құжаттама әзірленеді, келесі жылы әуежайлардың құрылысы басталады.
Сонымен қатар, «Өнеркәсіпті қолдау қоры» арқылы осы әуежайлар үшін ATR ұшақтары сатып алынады.
«Өйткені қазір оған ұшатын бес ұшақ қана болып тұр, оған қосымша ATR 72 ұшақтарын сатып аламыз деп жоспарлап отырмыз. Келесі жылы екі әуежайдың құрылысын толығымен аяқтаймыз», - деп сендірді министр.