Сынап бағанасы 27 градусқа дейін түседі
Қазақстанның басым бөлігінде Солтүстік және Оңтүстік циклондардың әсерінен күн күрт суытып, аяз түседі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қазгидрометтің болжамына сүйенсек, 14-15 желтоқсан күндері елдің біраз өңірінде жаңбыр және қар жауып, жауын-шашын әлсін-әлсін күшейеді. 16 желтоқсанда қар жауады, шығыс пен оңтүстік-шығыста қалың қар түседі.
Республика бойынша көктайғақ, тұман, қатты жел және бұрқасын болжанып отыр.
Елдің солтүстік-батысында түнде ауа температурасы 10-18 градусқа дейін, солтүстік пен орталықта 15-25 градусқа дейін төмендейді. Ал республиканың оңтүстік-шығысында 10-17 градус, таулы аудандарда 20-27 градус аяз болады.