Полиция күдіктіні анықтап, қамауға алды
Шымкент қаласының тұрғыны полицияға үйіне бөтен адамның кіріп, бағалы заттарын ұрлағаны туралы шағымданды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Жәбірленушінің айтуынша, белгісіз азамат оның үйіне заңсыз кіріп, алтын сырғасын және сөмкесін алып, оқиға орнынан ізін суытқан.
«Жедел іздестіру шаралары барысында Еңбекші ауданы полиция басқармасының қызметкерлері күдіктіні анықтап, қолға түсірді. Нәтижесінде ұрланған заттар иесіне қайтарылды», - делінген хабарламада.
Тұрғын полицейлердің кәсібилігіне ризашылығын білдіріп, Еңбекші ауданы полиция басқармасының басшылығы мен Анықтау бөлімінің аға анықтаушысы, полиция капитаны Бауыржан Тұрғын Баймаханбетұлына алғысын жеткізді.