Жоба қоғам талқысына шығарылды
Денсаулық сақтау министрлігі сапалы және теңгерімді тамақтануды қамтамасыз ету, сондай-ақ білім беру және тәрбиелеу ұйымдарында тамақтануды ұйымдастыру тетіктерін жетілдіру мақсатында «Білім беру және тәрбиелеу ұйымдарында тамақтануды ұйымдастыру стандартын бекіту туралы» денсаулық сақтау министрінің бұйрығының жобасын әзірледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy
Жоба білім беру және тәрбие ұйымдарында тамақтанудың бірыңғай тәсілдерін қамтамасыз етуге, сондай-ақ асханалары жоқ шағын жинақталған мектептерде тамақтануды ұйымдастыру форматын көздеуге мүмкіндік береді.
Жоба Ашық НҚА сайтына қоғамдық талқылауға шығарылды. Ол 17 желтоқсанға дейін талқыланбақ.
Жобада мектептегі тамақтану бойынша мынадай талаптар көзделген:
«Осы құжатты іске асыру тамақтанудың қауіпсіздігін, сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған, сондай-ақ білім беру және тәрбиелеу ұйымдарында балаларды тамақтандыруды ұйымдастыруға бірыңғай талаптар белгілеуді көздейді. Жобаны қабылдау қаржылық шығындарды қажет етпейді, теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкелмейді, халық арасында резонанс тудырмайды», - делінген жоба мәтінінде.
Жоба мәтінінде білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілеріне берілетін тағамға қатысты барлық талап пен міндет көрсетілген.