Атырауда 33 жастағы келіншек суицид жасамақ болды

Автор: Дулат Асель

Оның пәтерді жалға алғаны анықталды

Фото: istockphoto.com

Бүгін, яғни, 30 қараша күні қала тұрғындары 8 қабаттың терезесінен секірмек болған әйелді байқап қалып, бірден полицияға хабарласты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Хабарлама бойынша учаскелік полиция инспекторы Әнуарбек Хамидоллаев айтылған мекенжайға дереу келіп, пәтердің иесін анықтап, бірден көмекке жүгірді. Инспектор пәтерге кіріп, жоғары қабаттан секірмек болған әйелді құтқарып қалды.

«33 жастағы әйел адамның пәтерді жалға алғаны анықталды. Қазіргі таңда оның бұл әрекетке баруына не себеп болғанын полицияның жедел-тергеу тобы тексеруде», - делінген хабарламада.