Ол вирус жатыр обырына алып келеді
Бірінші санаттағы акушер-гинеколог, президент әкімшілігінің медициналық орталығы ауруханасының консультациялық диагностикалық бөлімінің дәрігері Қалдыгүл Сейтбекова тележүргізуші Әйгерім Сейфоллаға берген сұхбатында адам папилломасы вирусы жайлы айтып берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Иммунитет жақсы болу үшін дәрумендерді жиі ішу керек. Вакцинациядан қашудың қажеті жоқ. Ешбір вакцинация бедеулікке әсер етпейді. Вакцинация алған соң да арқаны кеңге жаюға болмайды. Вирус иммунитеті төмен адамға тез тарап кетеді. Адам папилломасы - жыныстық жолмен берілетін аурулардың бірі. Оны тек ПТР арқылы ғана тексере аламыз. Вирус жасуша ішіне кіріп, өзіне ұқсас жасушаларды көбейтеді», - дейді ол.
Гинекологтың айтуынша, ағзаның иммунитеті жақсы болса, вирус организмнен шығып кетуі мүмкін.
«Кейінгі кезде бодимассаж деген көбейді. Көп жағдайда жігіттер солардан жұқтырып, әйелдеріне таратады. Ал 2-3 жыл тексерілмеген жағдайда жатыр обырына душар болып жатады», - дейді Қалдыгүл Сейтбекова.