Қазақстанда бір тәулікте тағы 311 адам коронавирус жұқтырған

Автор: Azattyq Rýhy

Ел бойынша ауырғандар саны 6751 адамға жетті.

Қазақстанда өткен тәулікте 311 адамның коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды. Бұл туралы Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы хабарлады.

Осылайша, өсім 4,8% құрап отыр.

Аймақтар бойынша:

  • Нұр-Сұлтан қаласы – 36 (2,9%)
  • Алматы қаласы – 24 (1,3%)
  • Шымкент қаласы – 31 (7,6%)
  • Атырау облысы – 142 (22,6%)
  • Қостанай облысы – 19 (24,1%)
  • Түркістан облысы – 18 (8,2%)
  • Ақмола облысы – 8 (6,3%)
  • Қарағанды облысы – 13 (5,2%)
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 1 (2,6%)
  • Батыс Қазақстан облысы – 6 (1,9%)
  • Қызылорда облысы – 4 (1,6%)
  • Алматы облысы – 3 (1,4%)
  • Жамбыл облысы – 3 (1,5%)
  • Павлодар облысы – 2 (1,2%)
  • Маңғыстау облысы – 1 (0,6%)

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 6751 адамға жетті емделіп шыққандар – 3469, кайтыс болғандар – 35.