Телеграм-бот арқылы ХҚКО-ға кезек брондау мүмкіндігі пайда болды

Автор: Azattyq Rýhy

Телеграм-ботта 28 мемлекеттік қызмет пен сервис қолжетімді

 

Қазақстандықтарға қолайлы болу үшін ХҚКО-ға кезекті брондау әдістерінің түрі көбейтілді. Енді қызмет алушылар ХҚКО-ға кезекті тек egov.kz порталында немесе 1414 байланыс орталығы арқылығана емес, сондай-ақ eGovKzBot2.0 телеграм-ботының көмегімен де брондай алады. Бұл туралы Азаматтарға арналған үкімет корпорациясы хабарлайды.

«Ол үшін қызмет алушы мобильді азаматтар базасында тіркелуі керек және оның ұялы телефонына телеграм қосымшасы жүктелген болса болғаны. Мобильді азаматтар базасына egov.kz электронды үкімет порталындағы виртуалды ассистенттің көмегімен тіркелуге болады.

Сонымен, ХҚКО-ға кезекті брондау үшін пайдаланушы мәзірден «ХҚКО-ға кезекті брондау» қызметін таңдайды. Ары қарай жүйе мемлекеттік қызметтердіалуға ыңғайлы аймақты, ХҚКО мекен-жайын, бару мақсатын, ыңғайлы күні мен уақыттытаңдауды ұсынады»,-делінген хабарламада.

Барлық қадамдар жасалған соң қызмет алушының ұялы телефонына оның ЖСН, таңдалған ХҚКО мекен-жайы, күні мен уақыты көрсетілген sms келеді. ХҚКО-ға келген кезде осы sms-хабарламаны көрсету арқылы кезекті алдын ала брондағаныңызды растайсыз.

Айта кетейік, қазіргі таңда eGovKzBot2.0 телеграм-боты арқылы 28 мемлекеттік қызмет пен сервис қолжетімді. Олардың ішінде кең қолданысқа ие болғандары дәрігерді үйге шақыру, айыппұлдарды тексеру, медициналық мекемелерден алынған анықтамалар, зейнетақы аударымдары туралы анықтамалар және т. б.

Естеріңізге сала кетейік, коронавирус пандемиясы жағдайында және азаматтардың бір жерге шоғырлануын болдырмау мақсатында ХҚКО-лар egov.kz порталында қолжетімсіз қағаз түріндегімемлекеттік қызметтерді тек алдын ала брондау бойынша көрсетеді.

Egov.kz порталында онлайн брондау қызметі ХҚКО-лар өз қызметін қайта бастаған өңірлер үшін ғана жарамды.