Жабылып соққыға жыққан: Ақтауда бұзақы балалардың ата-аналары кешірім сұрады

Автор: Дулат Асель

Зардап шеккен оқушының ауруханаға жатқызылмағаны анықталды

Видеодан алынған кадр

Ақтау қаласындағы №24 мектептің оқушысын ұрып-соққан балалардың ата-аналары ресми түрде кешірім сұрады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Instagram-дағы парақшада жарияланған видеода ата-аналар өз балаларының теріс әрекеті үшін кешірім сұрағаны көрсетілген. Жазбада жанжалға қатысқан төрт баланың ата-аналарының болғаны айтылады. 

Зардап шеккен оқушының отбасы кешірімді қабылдаған. 

Еске салайық, оқиға 15 қараша күні №24 мектепте болған. Бір топ оқушы өз қатарласын соққыға жыққан. Маңғыстау облысының прокуратурасы бұл жағдайды өз бақылауына алды. 

Сондай-ақ, зардап шеккен оқушының ауруханаға жатқызылмағаны анықталды.