$ 518.81  596.27  6.63
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
14.11.2024, 17:59
Қоғам

Қазақстанның Антикоры жазадан құтылаудың жалғыз жолын атады

Агенттік білім саласының қызметкерлеріне үндеу арнады

Қазақстанның Антикоры жазадан құтылаудың жалғыз жолын атады
Фото: Антикор

Бүгін әдеттегі брифингісін өткізген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің ресми өкілі Данияр Бегайдаров білім саласының мамандарына үндеу жолдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оның айтуынша, білім саласына бөлініп жатқан әрбір тиын балаларымыздың болашағына арналған. Сондықтан, ол қазір аймақтардағы білім мекемелерінде күдікті операциялар көзге түссе, тексеру жүретінін еске салды. Ал, брифингті пайдаланған ол білім саласының мамандарын сенімді жоғалтпауға шақырды.

«Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, осы саланың қызметкерлеріне сенімді жеке пайда алу мақсатында және мемлекет пен қоғамның мүдделеріне қайшы пайдаланбауға шақырамын. Әрбір бөлінген тиын ерекше бақылауда және жымқыруды анықтау қиын емес. Әділ және мәдени қоғамда өмір сүру үшін және балаларыңыз үшін осындай қоғамды өзіңізден бастаңыз. Қылмыстық жауапкершіліктен бір ғана жолмен құтылуға болады – ешқашан заңсыз әрекеттер жасамау және заң аясында әрекет ету», - деді Бегайдаров.

Оның айтуынша, 2023 жылдың басынан бері осы салада бас-аяғы 300-ге жуық іс тіркелген.  

«Жетісу (6,2 млрд теңге), Түркістан (4,5 млрд теңге), Қызылорда (1,4 млрд теңге), Алматы (1,3 млрд теңге), Жамбыл (592,2 млн теңге), Алматы қ. (552,5 млн теңге), Ақтөбе (513,7 млн теңге) облыстарында ең ірі жымқыру сомалары анықталды. Қылмыс жасаған 406 адам әшкереленіп, оның ішінде 196 адам сотталды», - деді ол.

Серіктес жаңалықтары