$ 502.83  545.37  5.95
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Аида Балаева танымал блогер Перизат Қайраттың тұтқындалуына қатысты пікір білдірді

Министр Қазақстанда қайырымдылық қорларының жұмысы дамып жатыр дейді 

Аида Балаева танымал блогер Перизат Қайраттың тұтқындалуына қатысты пікір білдірді
Фото: Ақорда

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева «Біз біргеміз» қайырымдылық қорының жетекшісі Перизаттың Қайраттың ұсталуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Волонтерлер қозғалысының белсендісі әрі қоғамдық қайырымдылық қорының құрылтайшысы Перизат Қайратқа қатысты шулы тергеу қайырымдылық көмегін көрсету механизмдерін жетілдірудің қажеттілігін тағы да еске салып отыр. Қазіргі кезде Қазақстанда волонтерлік пен қайырымдылық белсенді түрде дамып келеді. Алайда бұл сонымен қатар алаяқтықпен мен пайдакүнемдік әрекеттерге де қолайлы жағдай туғызады», - деді министр.

Балаева халықты тек сенімді қайырымдылық операторларымен жұмыс істеуге шақырды.

«Барлық қазақстандықтарды қайырымдылық көмек операторларын мұқият зерттеуге және тек тексерілген әрі сенімді серіктестермен ғана жұмыс істеуге шақырамын», - деді ол.

Еске салсақ, Перизат Қайрат су тасқыны кезінде 1,5 млрд теңге жымқырды деген күдікпен бүгін қолға түсті.  

Серіктес жаңалықтары