Оқиға 27 қазанда болған
Төтенше жағдайлар министрі, генерал-майор Шыңғыс Әріновтің бұйрығымен 2024 жылғы 27 қазанда Алматыда болған оқыс оқиға баланың өмірін судан құтқару кезінде көрсеткен батылдығы мен жанқиярлығы үшін Қызылорда қаласының тұрғыны Әлихан Сәкенұлы Жақсылық «Суға батқандарды құтқарғаны үшін» медалімен марапатталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Марапатты ТЖ министрінің атынан Алматы қаласы ТЖД бастығы Нұрлан Атығаев табыстады.
«Шұғыл әрекетіңіздің арқасында қайғылы жағдайдың алды алынып, баланың өмірін құтқарғаныңыз үшін алғысымызды білдіреміз», - деді ТЖД басшысы.
25 жастағы құтқарушының айтуы бойынша 27 қазанда Қызылорда қаласынан жалға алатын пәтер іздеп келген Әлихан сағат 14:00 шамасында Есентай өзенінің Мақатаев көшесіндегі қиылысында жағалауда балалардың көмек сұраған дауысын естіген.
Бірнеше секундтан кейін суға батып бара жатқан досы туралы көмек сұраған баланың жүгіріп келгенін айтты.
Бала Есентай өзенінің каскадында тұрып, абайсызда суға құлап, қатты ағын алып кеткен екен. Қас қағым сәтте өміріне қауіп төнгеніне қарамастан, Әлихан Жақсылық дереу темір қоршаудан секіріп, суға батып бара жатқан баланы құтқаруға кірісті. Көп ұзамай судың қатты ағынынан әлсіреген баланы құтқарып, аман-есен алып шықты.