Ғани Бейсембаевтың айтуынша, арнайы дайындықтан өтпеген отбасылар балаларды көп қайтарған
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың айтуынша, 2020 жылдан кейін асырап алған балаларын қайтарған отбасылар мүлде болмаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«2020 жылға дейін бала асырап алуға ниеттенген отбасылар арнайы оқудан өтпейтін. Сол кезде баланы қайтарудың үлес салмағы шамамен 8-9 пайыз болды. Кейіннен отбасылар арнайы оқудан өтетін болып, соның арқасында баланы қайтару мәселесі күрт тоқтады. Дей тұрғанмен қазіргі уақытта баласын қайта әкеліп тастайтындар - сол оқудан өтпегендер, оның үстіне ата-әжесінің қолында өсіп, олар қартайғанда не қайтыс болғанда басқа қамқоршының қолына ауысқан балалардың үлес салмағы 1 пайыздан сәл ғана асады», - дейді министр.