$ 488.91  532.62  5
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Акмола облысында алаяқ зейнеткердің шотынан 10 млн теңгесін иемденіп алған

Күдікті анықталып, тексеру жұмыстары жүргізілуде

Акмола облысында алаяқ зейнеткердің шотынан 10 млн теңгесін иемденіп алған
Фото: © istockphoto.com

Бурабай ауданы полиция бөлімінің кезекші бөліміне 73 жастағы зейнеткерден өтініш түсті. Ол белгісіз біреулердің оның шотында тұрған ақшасын қалай да қолма-қол ақшаға айналдырғанын хабарлайды Azattyq Rýhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Айта кетерлігі, карта сол адамның өзінде болған. Шығын мөлшері 10 миллион теңгені құрады.

Бірден күдіктілердің жеке басын анықтау бойынша жедел-іздестіру шаралары басталды. Полиция қызметкерлері барлық аударымдардың қосымша арқылы жүргізілгенін анықтады. Сондай-ақ жәбірленуші ер адамның телефонын «вирус бар-жоғын тексеремін» деген желеумен таныс бір адамның алып отырғаны белгілі болды.

«Қабылданған шаралар нәтижесінде құқық қорғау органдары осы құқықбұзушылыққа қатысы бар болуы мүмкін деген 45 жастағы ер адамды анықтап, тексеру жұмыстарын жүргізуде. Телефон алаяқтың қолына тиген кезде ол өз телефонына қосымшаны орнатып, аударымдар мен қолма-қол ақша алуға қол жеткізген. Алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары