Қазақстанда карантин кезінде шаш кесетін құралдар мен таразы сатып алғандар бірнеше есе артқан

Автор: Azattyq Rýhy

Онлайн сауда

Карантин мен төтенше жағдай кезінде Kaspi.kz-тегі дүкенінде шаш кесу құралдары (+716%), газоншапқыш (+477%), еден таразылары (+363%), скакалка пен гантель (+351%), ас үй таразысы мен пісіруге арналған формалар (+277%) қатты сұранысқа ие болды, деп жазады @Tengeonline.

«Өсім сәуір айында наурызбен салыстырғанда әрқайсы бойынша 100% асып кеткен.
Әрқайсының жанында қанша пайыз өскені туралы толық көрсетіп қойдық»,- делінген хабарламада.

Демек, ел тұрғының басым бөлігі карантин кезінде шаштарын үйде алған, газон шапқан, семіріп кеттім бе деп, салмақтарын өлшеген, одан алаңдап, скакалка алған, гантель көтерген, сосын неше түрлі тамақ пісіру үшін форма іздеген, ас үй таразысын алған.