Каспий жағасында 150-ден астам итбалықтың өлексесі табылды

Автор: Темірхан Айжан

Олардың не себепті қырылғаны тексеріліп жатыр

Фото: @azamat_sarsenbayev

Маңғыстау облысында жүздеген итбалық қырылып қалған. Бұл туралы блогер Азамат Сәрсенбаев желіде жазба жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оның айтуынша, қазір ғалымдар 151 итбалықтың өлексесін тапты, олардың денесінде механикалық жарақаттар бар.

«Әзірге олардың жаппай қырылуына не себеп болғаны белгісіз», - дейді блогер.

Бұған дейін 2024 жылдың 29 наурызы мен 25 сәуірі аралығында барлығы 182 итбалық өлексесі табылғаны хабарланған болатын.