$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
24.10.2024, 21:46
Қоғам

Жамбыл облысында балаларына алимент төлемеген ер адам қамауға алынды

Сотта борышкер өзінің кінәсін толық мойындады және тұрақты жұмысының болмауына байланысты алимент төлемегенін айтты

Жамбыл облысында балаларына алимент төлемеген ер адам қамауға алынды
Фото: depositphotos.com

Жамбыл облысы Талас аудандық сотында «борышкер әкеге» қатысты әкімшілік іс қаралды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy облыстық сотқа сілтеме жасап.

Тараз қалалық сотының сот бұйрығына сәйкес азамат Ш.-дан кәмелетке толмаған балаларды асырауға алимент өндірілген.

Борышкер алимент төлеуден жалтарып, 2024 жылдың қазан айына оның қарызы 3 млн теңгеден астам соманы құрады.

Борышкердің міндеттемелерін орындамауы және әрекетсіздігі істі сот тәртібімен қарау қажеттілігіне әкелді.

Сотта борышкер Ш. өзінің кінәсін толық мойындады және тұрақты жұмысының болмауына байланысты алимент төлемегенін, енді жұмысқа орналасатынын және төлейтінін түсіндірді.

«ӘҚБтК 669-бабының 1-бөлігінің санкциясы 5 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл немесе 5 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуды көздейді. Сот қаулысымен борышкер Ш. ӘҚБтК 669-б. 1-б. бойынша кінәлі деп танылды және оған 3 тәулікке әкімшілік қамауға алу тағайындалды, -делінген хабарламада.

Қаулы заңды күшіне енді.

Серіктес жаңалықтары