Діни орындар да келушілерін қабылдауға дайын
Алматыдағы қонақ үй кешендері мен тамақтану нысандары санитарлық эпидемиологиялық талаптарды сақтаған жағдайда 25 мамырдан бастап кезең-кезеңмен жұмысын бастайды. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Қаладағы қоғамдық тамақтану орындары, діни орындар және қонақүй кешендеріне енгізілген шектеулер эпидемиологиялық жағдайға байланысты кезең-кезеңмен алынады. Егер бизнес өкілдері санитарлық талаптарды сақтаған жағдайда аталған нысандар 25 мамырдан бастап ашыла бастайды. Қалада вирус жұқтыруы мүмкін деген тұрғындардың барлығын жаппай тестілеуден өткізіп жатқанын ескеріп, діни орындарды 18 мамырдан бастап ашуды ерте деп ескердік», - делінген аталған хабарламада.
Жұмысын бастайтын нысандар жаңа талаптарды қатаң сақтауы тиіс, олар: арақашықтықты сақтау, жұмыс орныдарындағы қатаң санитарлық режим және т.б.