Әзірге екі қала арасында небары 10 жаңа вагон пайда болған
«Алматы-Қостанай» бағытындағы пойыздарға жаңа 10 вагон қосылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy
Көлік министрлігінің мәліметіне сүйенсек, бұл он вагон 2024 жылы жасалған. Біраз вагон купе болса, біразы плацкарт үлгісіндегі вагондар. Вагондарды Қазақстандағы «Зиксто» зауыты өндірген. Олардың ішінде кондиционер мен биодәретханалар бар.
«Бұл вагондар биыл қараша айынан бастап №43/44 «Қостанай-Алматы» бағыты бойынша қатынайды. Айта кету керек, бұл бағытта қатынайтын вагандор әбден ескірген және жолаушылар тарапынан үнемі шағым түсетін еді», - деп хабарлайды көлік министрлігінің баспасөз қызметі.