Бүгінге дейін елімізде 86 емделуші реанимациядан бейінді бөлімге ауыстырылды
Қазақстанда COVID-19 вирусын жұқтырған 10 науқас реанимациядан тұрақты палатаға ауыстырылды. Бұл туралы Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы хабарлады.
Жансақтау бөлімінен ауыстырылған науқастар ішінде:
Нұр-Сұлтан қаласында ‒ 3 адам,
Алматы қаласында ‒ 1 адам,
Шымкен қаласында ‒ 1 адам,
Алматы облысында ‒ 3 адам,
Атырау облысында 2 адам бар.
Қазіргі уақытта республика бойынша барлығы 86 емделуші реанимациядан бейінді бөлімге ауыстырылды.
Айта кетсек, еліміз бойынша коронавирустық инфекция жұқтырғандар саны бүгінгі таңда 5417 адамға жетті. -19 вирусынан емделіп шыққандар саны – 2408. Өкінішке қарай, 32 адам індеттен көз жұмды.