ҰБТ-да телефонмен ұсталғандар бір жылға дейін тест тапсыра алмайды - Дидар Смағұлов

Автор: Azattyq Rýhy

Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығының директоры мәлімдеді

Фото: ашық дереккөзден

Биылдан бастап ҰБТ-ға қатысушы түлек ұялы телефонмен ұсталған жағдайда, бір жылға дейін тест тапсыру құқығынан айырылады. Бұл туралы «Qazaqstan» телеарасының «Ашық алаң» бағдарламасында Ұлттық тестілеу орталығының директоры Дидар Смағұлов мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«Жаңа ережеге сәйкес, егер ҰБТ-ға қатысушы телефонмен немесе басқа да құрылғылармен ұсталып, ереже бұзса, ол жылдың аяғына дейін тест тапсыру құқығынан айырылады. Яғни, бір жыл бойы тестіге қатыстырылмайды», - деді Дидар Смағұлов. 

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін ҰБТ-ға өтініш қабылдау аяқталғанын хабарлаған едік. Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуға 131 471 адам ниет білдірген.