Ғани Бейсембаев Ақмарал Әлназарованы Астанадағы мектеп пен балабақшаға шақырды

Автор: Azattyq Rýhy

Екі министр білім ордаларының асханаларын тексерген

Фото: оқу-ағарту министрлігі

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың шақыруымен денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Астанадағы мектеп директорларымен кездесті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Дәлірек айтсақ, министрлер Астанадағы №95 мектеп-лицейі, №84 «Кәусар» бөбекжай-балабақшасы және Астана қалалық мамандандырылған балалар үйіне барған.

«Бұл кездесудің мақсаты  - екі жақты ынтымақтастық мәселелерін талқылау және балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын жақсартуға бағытталған бірлескен жобаларды іске асыру, білім беру ұйымдарында медициналық қызметті ұйымдастыру, инклюзивті кабинеттер, сондай-ақ педагогтердің денсаулығын сақтау, психологтардың біліктілігін арттыру мәселелері», - деп хабарлады оқу-ағарту министрлігі.

Ғани Бейсембаевтың айтуынша, президенттің тапсырмасы бойынша былтырдан бері Қазақстанда 1,7 млн оқушы мектепте тегін тамақ ішіп жүр.