Сақ болыңыз: алаяқтар азаматтарға Антикор символикасы бар жалған құжаттар мен хабарламаларды жолдауда
Ведомство алаяқтардың жаңа тәсілі туралы мәлімдеді
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мессенджерлерде (WhatsApp, Telegram және т.б.) Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшылығы мен қызметкерлерінің атынан жалған аккаунттар құрған және жалған ақпарат тарататын алаяқтар туралы тағы да ескертеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy агенттіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алаяқтар Антикор символикасы бар жалған құжаттарды, хабарламаларды және файлдарды жасауда және жолдауда.
«Жалған ақпараттық таратуларға сенбеу, күмәнді сілтемелерге өтпеуді, сондай-ақ қолма-қол ақша аудармауды сұраймыз. Осындай қоңыраулар мен таратуларды алған жағдайда, осы фактілер туралы Қазақстан Республикасының Құқық қорғау органдарына дереу хабарлауды сұраймыз», - делінген хабарламада.