Қазіргі таңда фельдшер жұмыстан босатылып, тиісті шаралар қабылдануда
Алматы қаласында жедел жәрдем қызметінде жұмыс істейтін фельдшер жедел жәрдем көлігінде ессізжатқан науқастың алтын алқасын шешіп алып, ломбарқа өткізіп жіберген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Әйелдің мойнындағы алтын алқаның құны 1,5 млн теңге тұратын болған.
Анасының мойнындағы зергерлік бұйымның жоқтығын байқаған ұлы бейнежазба арқылы ұлықты анықтап, полицияға арыз түсірген.
Оқиға барысында науқас ессіз күйде болған, ал фельдшер алқаны шешіп, кейін оны ломбардқа өткізген. Қазіргі таңда фельдшер жұмыстан босатылып, тиісті шаралар қабылдануда.