09.10.2024, 12:30
Қоғам
Арман Дүйсеновтің ұлы қаза болды: Алматы полициясы қылмыстық іс қозғаған
Полиция іс қай бап бойынша қозғалғанын нақтыламады
Фото: https://www.instagram.com/zhunusova.makpal
Алматы қаласының полициясы белгілі композитор Арман Дүйсеновтің үлкен ұлы – Абылай Дүйсеннің қазасы бойынша қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Бұл факті бойынша Бостандық ауданының полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр», - деп мәлімдеді ПД баспасөз қызметі.
Естеріңізге салайық, кеше өнер жұлдыздары Арман Дүйсеновтің үлкен ұлы көз жұмғанын хабарлады. Әнші Мақпал Жүнісова композитордың ұлын біреулер қастандықпен өлтірді деп жазған. Ал продюсер Баян Мақсатқызы Арман Дүйсеновтің ұлы екі апта бұрын оған қоңырау шалып, көмек сұрағанын айтты.
Композитор Арман Дүйсенов 2023 жылғы қаңтарда қайтыс болған еді.
Көп оқылған
21.10.2026, 11:33
Маңғыстауда кәсіпкер жалған құжат жасап алып, шетелге танкерімен 45 млрд теңгенің мұнайын апарып сатқан (ВИДЕО)
21.10.2026, 09:33
«Ішерге су, жеуге тамақ жоқ отырған»: ШҚО-да полиция тарақандардың арасында өмір сүрген төрт баланы ата-анасынан алып кетті (ВИДЕО)
21.10.2026, 16:07
Келесі жылдан бастап Қазақстанда кімдерге АӘК төленбейді – үкімет тағы бір қаулы қабылдады
21.10.2026, 16:49
Ажырасқаннан кейін де бірге өмір сүрген: Таразда ер адам экс-жұбайын есінен танғанша ұрған
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды