Әрінов үкіметте Қарағанды мен Павлодар облыстарындағы алапат өрт туралы есеп берді

Автор: Нұргүл Абай

Павлодар облысында өрт оқшауланған

видеодан скриншот

Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов үкімет отырысында Қарағанды мен Павлодар облыстарында өршіп тұрған дала өрті туралы баяндады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Министр күштер мен құралдарды үйлестіру үшін ТЖ министрлігі жанынан жедел штаб құрылғанын айтты. Сондай-ақ Павлодар облысының Желтау ауылында далалық жедел штаб ашылған. Өртті сөндіру жұмыстарын вице-министр үйлестіріп жүр.

«Оқиға орнына министрліктің күштері мен құралдары дереу бағытталды. Бұған қоса қосымша Абай, Ақмола облыстары мен Астана қаласынан күштер тартылды. Қорғаныс министрлігі мен Ұлттық ұланның әуе кемелері жұмылдырылды. Павлодар облысы тарапынан Желтау ауылының 18 тұрғыны көрші ауылдың эвакуациялық пунктіне көшірілді. Қазіргі уақытта Павлодар облысында дала өрті толықтай локализацияланып, біздің күштер оны бақылап жатыр. Бүгін Қарағанды облысында да сондай нәтижеге жетеміз деген ойдамыз. Қазір күштер тартылды, қажетті шаралар қабылданып жатыр», - деді Әрінов.

Сонымен қатар, министрдің айтуынша, бүгін түнде Қостанай облысының өрт сөндірушілері Ресеймен шекарадағы өртті сөндірген.