«Бақытты болыңдар»: Нұрсұлтан Назарбаев та референдумда дауыс берді

Автор: Аубакирова Нургуль

Бұрынғы президент журналистердің сұрағына жауап берген жоқ

Фото: видеодан скриншот

Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев АЭС құрылысы жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

84 жастағы Назарбаев елордадағы «Астана опера» театрында ашылған референдум учаскесінде бой көрсетті.

Бұрынғы президент бюллетенді жәшікке салып болған соң, журналистермен амандасып, қазақстандықтарға бақыт тіледі.

«Табысты болыңдар, бақытты болыңдар»,- деген ол журналистердің сұрақтарына жауап бермей, кетіп қалды.