Халық әртісі № 211 референдум учаскесіне барған
Қазақстанның Халық әртісі, композитор Алтынбек Қоразбаев Қазақстанда атом электр станциясын салу мәселесі бойынша өтіп жатқан референдумға келіп, таңдау жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қоразбаев №202 мектеп-гимназиясында орналасқан № 211 референдум учаскесінде дауыс берген.
«Біз осы референдум арқылы қоғамымыздың даму жолындағы көзқарасын біле аламыз», - деді Алтынбек Қоразбаев.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін республикалық референдум өтуде. Алматы тұрғындары тұрғылықты жері бойынша сайлау учаскелеріне барып, сағат 20.00-ге дейін дауыс бере алады.