Астанада 37 үй заңсыз салынып жатыр – прокуратура дабыл қақты

Автор: Azattyq Rýhy

12 құрылыс иесіне қатысты қылмыстық іс қозғалған 

Фото: istockphoto.com

Астана қаласында 37 көп қабатты үй заңсыз салынып жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл туралы қалалық прокутураның  баспасөз қызметінен мәлім етті. Бұдан өзге, прокуратура жекелеген компаниялар үлескерлердің ақшасын заңсыз алғанын да анықтаған.

«Осы негіздерге сүйене отырып, биыл  64 құрылыс нысанына жауапты 51 құрылыс иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 12 құрылыс иесіне қатысты қылмыстық іс бар», - деп хабарлады Астананың прокуратурасы.