2020 жыл - елімізде Волонтер жылы

Автор: Смайлов Жандос

ҚР Президентінің жарлығымен 2020 жыл Волонтер жылы деп жарияланды.

Мамыр айы, Тоқаев Қостанайда өткен жастар форумында

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мамыр айында Қостанай облысына жұмыс сапарында, жастар форумына қатысып, сөз барысында 2020 жылды Волонтерлар қозғалысының жылы деп жариялауды қолдайтынын айтқан еді. Бүгін ҚР Президентінің жарлығымен 2020 жыл Волонтер жылы деп жарияланды.

Волонтер жылын жариялау туралы:

Волонтерлікті дамыту мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. 2020 жыл Волонтер жылы деп жариялансын.

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі Волонтер жылын өткізу бойынша қажетті шаралар қабылдасын.

3. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.