Оралдағы кейбір жанармай құю бекеттерінде сұйытылған газ тапшы

Автор: Azattyq Rýhy

Қаланың басқа жанармай құю станцияларында кезек пайда болды

Фото: mgorod.kz/Медет Медресов

Бүгін, 30 қыркүйекте, Орал қаласында кейбір газ құю станцияларында «газ жоқ» деген белгілер ілулі тұр, ал басқаларында ұзынсонар кезек пайда болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy жергілікті «Мой город» басылымына сілтеме жасап.

Жүргізушілер бұл мәселеге наразылықтарын білдіреді.

«Шынымды айтсам, газдың жоқтығы шаршатты. Халық ең болмаса бір нәрседен үнемдеуге тырысып, көліктеріне газ құяды. Біз кен орнында тұрсақ та, тапшылықты сезінеміз, километрлік кезекте тұрамыз. Неліктен? Сондай-ақ, олар газдың қымбаттайтынын айтып қоймайды», - дейді автокөлік жүргізушісі Арман.

БҚО энергетика басқармасы сұйытылған газдың тапшылығы жоқ екенін, тек арзан әлеуметтік газ бойынша шектеулер бар екенін атап өтті. Сонымен қатар, бүгінгі таңда облысқа «Жайықмұнайдан» қосымша 400 тонна сұйытылған газ жеткізілді.

«Бізде газдың шекті бағасы бар, Орал қаласында бағасы 70 теңгені құрайды. Олар оны осы бағадан қымбат сата алмайды. Газ құю бекеттеріндегі кезектің пайда болуы әр тоқсанның соңында байқалады. Айта кету керек, сұйытылған газдың төмен құнына байланысты жыл сайын газбен жабдықталған автомобильдер саны артып келеді. Бірінші қазаннан бастап біз өңірдің сұйытылған автомобиль газына деген қажеттілігін жабатын Рожков кен орнынан «Жайықмұнай» газға толығымен ауысамыз. Енді бізде Ақтөбе мен Атыраумен жеткізілім болмайды», - деп түсіндірді БҚО бойынша энергетика және ТКШ басқармасының басшысы Мирас Мулькай.

 Оның айтуынша, аймақтың ай сайынғы қажеттілігі 4000 тонна газды құрайды. Сондай-ақ ай сайын қосымша көлем бөлу мәселесі пысықталатын болады.