Кінәлі мемлекеттік қызметкер жазаланды
Шымкентте прокурорлар араласқаннан кейін түрік инвесторына кондитерлік зауыт салуға жер телімі бөлінді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Шымкент прокуратурасы құны 3,2 млрд теңгеден асатын кондитерлік зауыт салу жобасын жүзеге асырып жатқан түрік инвесторының құқығын қорғады. Шетелдік инвестор 150-ден астам адамды жұмыс орнымен қамтамасыз етпек.
«Әкімдік 2 ай бойы индустриялық аймақтың қатысушысына жер бөлу туралы шешім қабылдамаған. Бұл инвестордың бекітілген кесте бойынша инвестициялық жобаны іске асыру үшін техникалық шарттар мен басқа да құжаттарды алуына кедергі болған», - дейді прокуратура.
Осы іске қалалық прокуратура араласқаннан кейін әкімдік жер учаскесін бөлу туралы қаулы шығарды. Сондай-ақ инвесторға сәулет-жоспарлау тапсырмасын және эскиздік жобаны алуға көмек көрсетілді.
Ал осы жұмысты созбалаңға салған кінәлі лауазымды тұлға - Кәсіпкерлік басқармасы басшысының орынбасары тәртіптік жауапқа тартылған.