Осы арқылы қазір үш ауысымдағы 4 мектептің мәселесі шешілмек
Биыл жыл соңына дейін Астанада тағы 9 мектеп ашылады. Бұл туралы қала әкімі Жеңіс Қасымбек мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Тоғыз мектептің сегізі – «Жайлы мектеп» болса, біреуі – жекеменшік білім ордасы болмақ.
«Есіл ауданында 4 мектеп, Нұра ауданында – 3 мектеп, Алматы ауданында – 2 мектеп ашылады. Қаланы аралау барысында бірқатар оқу орнының құрылысымен таныстым. Бұл мектептердің арқасында 3 ауысымды 4 мектептің және тығыздалығы жоғары 3 мектептің қиындығы шешіледі», - деп сендірді Жеңіс Қасымбек.