Қаржы орталығы екі айдың шәкіртақысын қазан айының соңында төлемек
2024-2025 жылы оқу жылының I курс студенттері I семестрдегі шәкіртақыны қазан айында алады. Ал, медициналық университеттердің студенттері екі айдың шәкіртақысын қазан айының соңында ғана қолға түсіреді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Қаржы орталығының» телеграмм-арнасы таратқан мәліметке сүйенсек, жаңа оқу жылының шәкіртақысы үкіметтің 2008 жылғы 7 ақпандағы қаулысына сай, жоғары оқу орындардың есептерін тексергеннен кейін ғана төленеді. Ал дереккөз ол уақыт қазан айының іші болады дейді.
«Сондай-ақ, медициналық жоғары оқу орындарының бірінші курс студенттеріне қыркүйек айының стипендиясы қазан айында екі айға (қыркүйек-қазан) қосылып төленетінін хабарлаймыз. Шәкіртақы қазан айының соңында төленеді», - деп жазды Қаржы орталығы.
Дереккөзге сүйенсек, қалған курстардың студенттері шәкіртақыны уақытында алады.