23.09.2024, 09:12
Қоғам
Шымкентте 14 жастағы қызды жыныстық қатынасқа тартқан адам Ресейден табылды
Ол Новосибирск қаласында жасырынып жүрген
Фото: istockphoto.com
Бас прокуратура 16 жасқа толмаған қыз баламен жыныстық қатынасқа түскен азаматты Ресейден экстрадициялады, деп хабарлайды Аzattyq Rýhy.
Дереккөзге сүйенсек, ол 2023 жылдың қыркүйегінде Шымкентте пәтер жалдап, 14 жасар қыз баланы жыныстық қатынасқа тартқан.
«Қылмыс жасағаннан кейін қаскүнем жасырынып, оған халықаралық іздеу жарияланған болатын. Ол биыл сәуір айында Ресей Федерациясының Новосибирск қаласында жүрген жерінен ұсталды. Қазақстан Бас прокуратурасының сұрау салуы бойынша Ресей тарапы күдіктіні отанына экстрадициялау туралы шешім қабылдаған», - деп хабарлайды Бас прокуратураның баспасөз қызметі.
Күдікті тергеу изоляторына қамалған.
Көп оқылған
17.10.2026, 13:01
Талдықорғанда TikTok-та балағат сөз айтқан әйелге айыппұл салынды
17.10.2026, 06:19
Атырау вокзалында жұмысшы бес метр биіктіктен құлаған: жағдайы ауыр
17.10.2026, 07:16
Тұман, көктайғақ және үсік: барлық өңірде дауылды ескерту жарияланды
17.10.2026, 21:17
Астанада әйелді жұмыс орнына дейін аңдыған мас еркек 10 тәулікке қамалды
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды