«Әйелін сабап тастаған»: Маңғыстау облысында ер адам полицейлер мен жедел жәрдем қызметкерлеріне шабуыл жасады

Azattyq Rýhy

Ер адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды

«Әйелін сабап тастаған»: Маңғыстау облысында ер адам полицейлер мен жедел жәрдем қызметкерлеріне шабуыл жасады
Фото: Azattyq Rýhy/Әсет Құндақбаев

Маңғыстау облысының тұрғыны жедел жәрдем мен полиция қызметкерлеріне шабуыл жасады деген күдікке ілінді. Алдын ала келтірілген дерекке сәйкес, ол әйел адамға қол жұмсап, зардап шегуші сырттан көмек сұрауға мәжбүр болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy жергілікті Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған оқыс оқиға 20 қыркүйекте Бейнеу ауданында түстен кейін болғанын айтты.

«Билік өкіліне қатысты қатер төндіру немесе зорлық-зомбылық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары қолға алынды. Ер адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ол мас болып, заңсыз әрекеттердің жолын кесу кезінде полицейлерге қарсылық танытқан», - делінген хабарламада.

Жедел жәрдем қызметкерлері досы басына әйнек сұғып алғанын айтып, қоңырау шалған 40 жастағы әйелдің жағдайы бойынша шақырту орнына аттанған. Дәрігерлер оқиға орнына жеткенде ер адам жедел жәрдем көлігінің әйнегін сындырып, содан кейін фельдшерлерге де тап берген.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.