Қызылорда полициясы көше шамдарын сындырған екі оқушыға қатысты қылмыстық іс қозғады (ВИДЕО)

Автор: Azattyq Rýhy

Қыздардың біреуі 12-жаста болса, екіншісі 16 жастағы жасөспірім бала

Фото: скриншот

Қызылорда қаласының полициясы көше шамдарын сындырған екі оқушы қызға қатысты қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Дереккөзге сүйенсек, полиция екі қызды бейнебақылау камералары арқылы тапқан.

«Инспекторлар көше шамдарын сындырып жатқан екі жасөспірімді байқап, оқиға орнына жақын маңдағы полиция қызметкерлерін жіберген. 12 және 16 жастағы екі жасөспірім қыз ұсталды. Олар қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапқа тартылады. Осы дерек бойынша қылмыстық іс тіркелді, тергеу жүріп жатыр», - деп хабарлайды полиция департаменті.

Полиция қыздардан бөлек, олардың ата-анасын да жауапқа тартамыз дейді.