$ 503.15  543.3  5.93
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
18.09.2024, 11:42
Қоғам

Қазақстанда 11 жастан бастап туғанына 11 жас 11 ай 29 күн толған қыздарға екпе салу басталды

Дәл осы жас бас санитар дәрігердің қаулысында жазылған

Қазақстанда 11 жастан бастап туғанына 11 жас 11 ай 29 күн толған қыздарға екпе салу басталды
Фото: © freepik.com

Қазақстанның жаңадан тағайындалған бас санитар дәрігері Сархат Бейсенова кеше, 17 қыркүйек күні жаңа қаулыға қол қоя отырып, елімізде 11 жасқа толған қыздарға адам папилломасы вирусына қарсы вакцина бастауды қаулы еткен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy 

Қаулыға сай, елімізде 11 жасқа толған және 12 жасқа бір күн қалған қыздарға ата-анасының келісімін алғаннан кейін вакцинаның алғашқы дозасы егіледі. Кейін ата-аналардың келісімі бойынша 12 жастан бастап 13 жас 11 ай 29 күнді қоса алғанда осы вакцинаның қалғаны салынады.

«Ата-аналарының (заңды өкілдерінің) ақпараттандырылған келісімін алғаннан кейін 11 жастан бастап 11 жас 11 ай 29 күнді қоса алғанға дейінгі жастағы қыздарға адам папилломасы вирусына қарсы профилактикалық егу шаралары ұйымдастырылсын.

2. Ата-аналарының (заңды өкілдерінің) ақпараттандырылған келісімін алғаннан кейін 12 жастан бастап 13 жас 11 ай 29 күнді қоса алғанға дейінгі жастағы қыздарға АПВ-ға қарсы толықтыра вакцинациялау жүргізілсін.

3. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Адам папилломасы вирусына қарсы профилактикалық егулер жүргізу алгоритмі (бұдан әрі – Алгоритм) бекітілсін»

4. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдері АПВ-ға қарсы вакцинациялауға дайындық және оны жүргізу жөніндегі іс-шараларды жоспарлау және үйлестіру үшін: айына кемінде бір рет штаб отырыстарын өткізе отырып, АПВ-ға қарсы вакцинациялау жөніндегі өңірлік штабты құрсын; аумақтық білім басқармасының мектептердегі балалар саны бойынша деректеріне сәйкес жоспарлаудың толықтығына бақылау жүргізе отырып, АПВ-ға қарсы вакцинациялауға жататын 11 жастан бастап 13 жас 11 ай 29 күнді қоса алғанға дейінгі жастағы қыздарды вакцинациялауды жүргізудің апта сайынғы мониторингін қамтамасыз етсін», - деп қаулы еткен бас санитар дәрігер.

Серіктес жаңалықтары