16.09.2024, 10:56
Қоғам
Орташа зейнетақы 131 мың теңге: еңбек министрлігі жаңа статистика жариялады
Қазір Қазақстанда 2,4 млн зейнеткер бар
Фото: istockphoto.com
Қыркүйектегі жағдай бойынша Қазақстандағы жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 131 мың теңге, ал базалық зейнетақы 42 597 теңге болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жаңа статистикасына сүйенсек, елімізде 2 млн 405 мың зейнеткер бар.
«2024 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 131 872 теңгені құрады, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 89 275 теңге, базалық зейнетақы – 42 597 теңге», - деп хабарлады министрлік.
Министрлік 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап мемлекеттік базалық зейнетақы әрбір адамның зейнетақы жүйесіндегі өтілін ескере отырып, жеке есептелетінін еске салып отыр.
Көп оқылған
30.08.2026, 06:23
Абылайхан Жұбаназар Лозаннада Қазақстанға тарихи жеңіс сыйлады
30.08.2026, 13:23
Ұлыбританиядан Моңғолияға дейін: Кеншілер күні Қарағандыға 250 мың көрермен жиналды
30.08.2026, 22:21
Кипр жағалауында аударылған кемеде Қазақстан азаматтары бар ма: ҚР СІМ жауап берді
30.08.2026, 08:29
Жезқазғанда өнеркәсіптік кәсіпорын аумағында өрт шықты (ВИДЕО)
30.08.2026, 11:42
Алматыда балконнан шыққан өрт дүңгіршекке жайылды: бір адам зардап шекті