14.09.2024, 04:00
Қоғам
Ақтауда үш адамның өлтірілгені туралы ақпарат фейк болып шықты
Таралған хабарламаға ер адам мен әйелдің суреті қоса берілген
Фото: istockphoto.com
Пышақ ұстаған адамдардың үш адамды өлтіргені туралы тараған ақпаратқа Маңғыстау облысының полиция департаменті түсініктеме берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Lada.kz-ке сілтеме жасап.
WhatsApp-та қала тұрғындары 29-шағын ауданда белгісіз адамдардың қолында пышақ ұстап жүргені және үш адамды өлтіргені туралы мәліметтерді тарата бастады. Хабарламаға ер адам мен әйелдің суреті қоса берілген.
Әлеуметтік желілерде кейбір пайдаланушылар оларды «Иегова куәгерлері» діни ұйымының өкілдері ретінде танығандай болды.
Алайда, өңірдің полиция департаменті бұл ақпараттың жалған екенін хабарлап, жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілікке тартылатынын ескертті.
Көп оқылған
22.08.2026, 12:31
Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Павлодар әуежайының ұшу-қону жолағын қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды
22.08.2026, 20:29
23 тамызда бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды
22.08.2026, 14:03
Алдағы үш күнде мегаполистердегі ауа райы қандай болады
22.08.2026, 06:13
Алматы облысында мейрамхана ғимараты өртке оранды